Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1942 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 657 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 11 июля 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 января 2008

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы
 № 1942 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 657 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1394 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөніндегі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 1942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 56, 624-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық:

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Жалақы арттырылған жағдайда орташа жалақыны есептеу, арттыру коэффициентін ескере отырып, мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) егер арттыру есепті кезеңде жүргізілсе, арттыру кезеңінің алдында есептелген орташа жалақы есепті кезеңнің әрбір айының коэффициентіне арттырылады;

2) егер арттыру есепті кезеңнен кейін оқиға болғанға дейін жүргізілсе, есепті кезеңде есептелген орташа жалақы коэффициентке арттырылады;

3) егер арттыру оқиға кезеңінде жүргізілсе, орташа жалақының бір бөлігі лауазымдық жалақы (ставка) арттырылған күнінен бастап көрсетілген кезең аяқталғанға дейін коэффициентке арттырылады.

Арттыру коэффициенті оқиға басталған айда белгіленген лауазымдық жалақыны (ставканы) арттыруға дейін белгіленген лауазымдық жалақыға (ставкаға) бөлу жолымен есептеледі.».

2. Осы қаулы алғаш рет pecми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом