«Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополоияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 11 шілдедегі № 171-НҚ Бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 64-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 21 наурызда № 2217 нөмірмен тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2003 жылғы 17 мамырда № 20 нөмірінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 476-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 63-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 наурыздағы № 73-НҚ бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 16 маусымдағы № 154-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінде:
2-тармақта:
алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«уәкілетті орган - табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;