Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 119 Жарлығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 22 мая 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 22 ноября 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

 

ҚР Президентінің 2011.12.08. № 139 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2006 ж., № 2, 10-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі туралы ережеде:

12-тармақта «инвестициялық қорлардың» деген сөздерден кейін «, кредиттік бюролардың» деген сөздермен толықтырылсын;

13-тармақта:

1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) өзі белгілеген тәртіппен банктер ашуға және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, банктерге еншілес ұйым құруға және сатып алуға, банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат береді не рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім береді;

2) өзі белгілеген тәртіппен банктердің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді (қайтарып алады);»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) өзі белгілеген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге, соның ішінде Ұлттық Банктің оң қорытындысы болған кезде, сондай-ақ банк қызметінің аудитін жүзеге асыруға лицензия береді, беруден бас тартады, Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды;»;

5) тармақшада «банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар» деген сөздерден кейін «, соның ішінде ипотекалық ұйымдар» деген сөздермен толықтырылсын;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом