Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары
саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру туралы
1. Елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғыруды ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының зор рөлін ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру және гранттарын тапсыру жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп:
Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары мыналарға берілсін:
Александр Владимирович Аксютицке және Бейсен Абайұлы Құранбекке - «Хабар» агенттігі» АҚ ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшілеріне - елдегі экономикалық, әлеуметтік, саяси реформалар барысын жоғары кәсіптік деңгейде көрсеткені, Қазақстан өңірлері туралы репортаждар мен деректі фильмдер топтамасы үшін;
Жұмабек Омарұлы Кенжалинге - «Қазақ газеттері» ЖАҚ президентіне және Сұлтан Шәріпұлы Оразалинге - публицистке - қазақстандық журналистика мен ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор үлесі үшін;
Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары мыналарға тапсырылсын:
Көлбай Адырбекұлына - «Түркістан» халықаралық саяси апталығының тілшісіне - ұлттық тарихтың көрнекті қайраткерлеріне арналған, «Казахское дело» айдарымен жарияланған мақалалар топтамасы үшін;