«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 82-ө
«Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге оларда
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың
болуы тұрғысында тексеру жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы»
өкімін жүзеге асыру жайындағы шаралар туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 4/546 қаулысы
Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2005 жылғы 8 сәуірдегі № 82-ө «Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болу тұрғысында тексеру жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» өкімін жүзеге асыру үшін, Алматы қаласының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы Әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Алматы қаласы Әкімдігінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 2/116 «Алматы қаласындағы коммуналдық мемлекеттік мүлікті алып тастау тәртібі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қаулысына (Алматы ақшамы мен Вечерний Алматы газеттерінде жарияланған Нормалық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелудің № ____ реестрінде тіркелген):
Аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласындағы коммуналдық мемлекеттік мүлікті алып тастау тәртібі жөніндегі нұсқаулықта:
6 тармақ мынадай редакцияда берілсін: «Мемлекеттік мекемелердің мүлкін алып тастау Алматы қалалық Қаржы департаментінің келісімімен жүзеге асырылады (бұдан әрі-Департамент)»;