Жоба
«Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының Еуразия экономикалық
қоғамдастығына кірігуі туралы хаттама
ҚР Үкіметінің 2006.23.06. № 574 Қаулысымен хаттаманың жобасына қол қою туралы ұсыныс ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
«Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 2005 жылғы 6 қазандағы «Еуразиялық кеңістікте кірігу процестерін одан әрі дамыту туралы» шешіміне сәйкес,
ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесінің (мемлекеттер басшылары деңгейінде) 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 267 «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымының Еуразия экономикалық қоғамдастығына кірігуін құқықтық ресімдеу туралы» шешімін ескере отырып,
2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шартқа Өзбекстан Республикасының қосылуы туралы 2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған хаттаманы назарға ала отырып,
«Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы (ОАЫҰ) мен Еуразия экономикалық қоғамдастығының (ЕурАзЭҚ) стратегиялық мақсаттары мен міндеттері сәйкес келетінін ескере отырып,
ОАЫҰ алдында тұрған кіріктірілген нарықты, су-энергетикалық, көлік, азық-түлік және басқа да салалардағы бағдарламаларды жасау жөніңдегі іс жүзіндегі міндеттер қазіргі уақытта ЕурАзЭҚ шеңберінде табысты шешіліп жатқанын назарға ала отырып,
«Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымына мүше мемлекеттер ретінде әрекет ете отырып, мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Хаттамаға 1-қосымшада көрсетілген ОАЫҰ шеңберінде жасалған халықаралық шарттар қолданысын жалғастыра береді және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарын ескере отырып, оның шарттық-құқықтық базасына бейімделуі мүмкін.
2-бап
Осы Хаттамаға 2-қосымшада көрсетілген ОАЫҰ шеңберінде жасалған халықаралық шарттар осы Хаттама енген күнінен бастап өз қолданысын тоқтатады.
3-бап