Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық
портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»
2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы № 149 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010.30.04. № 59 қаулысымен күші жойылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына, 69-бабының 1-тармағына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына, «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2335 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 298 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3230 тіркелген), 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 97 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4230 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде:
25-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: