Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөнiндегі кеңестi құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2001.02.09. № 214; 11.09.02 ж. № 993 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының дiни бiрлестiктермен сындарлы өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Yкіметі жанынан консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Кеңестi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қызметi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.
3. Кеңес қызметiн ұйымдастыру-талдау жағынан қамтамасыз ету үшiн Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгінiң штаттық саны лимитiн 4 адамға қысқарту есебiнен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң штаттық саны лимитiн 4 адамға ұлғайта отырып, оның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде Хатшылық құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгі екi апталық мерзiмде Кеңес туралы ереже мен оның құрамын ?кіметтiң бекiтуiне ұсынсын.