Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 948 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 30 сентября 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 июля 2018

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 948 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 419 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

"Ахметов Даниал Кенжетайұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

Ахметов Серік Нығметұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі, төрағаның орынбасары

Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төрағаның орынбасары

Жұмабаев Ермек Жианшаұлы - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Мемлекеттік құрылыс және құқықтық саясат комитетінің төрағасы

Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы

Чиркалин Иван Федорович - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің хатшысы";

«Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары» деген жолда «, төрағаның орынбасары» деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген құрамнан Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы, Ақшолақов Болат Оралұлы шығарылсын;

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде:

«Комиссияның қызметін ұйымдастыру» деген 3-бөлімде:

6-тармақта:

бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы «орынбасары орындайды» деген сөздер «оның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бірі орындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Комиссияның құрамына ауыстыру қүқығынсыз Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерінің бірінші басшылары, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары және республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом