Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы
ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 825 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
2006.08.12 № 194-III ҚР Заңын қара
1-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 1 929 214 548 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 426 749 660 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 40 832 315 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 418 025 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 453 214 548 мың теңге;
2) шығындар - 1 934 479 643 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 5 265 095 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 22 261 230 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 28 521 406 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 50 782 636 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 150 136 387 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 152 136 387 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2 000 000 мың теңге;
6) тапшылық - 133 140 252 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 1,1 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 133 140 252 мың теңге.
2-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте мынадай түсімдер көзделсін:
"Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясының пайдаланғаны үшін 13 455 000 мың теңге сомасында жалдау ақысы;
әскери полигондарды Ресей Федерациясының пайдаланғаны үшін республикалық бюджеттің кірістерінде көрсетілетін 3 217 500 мың теңге сомасында жалдау ақысы, оның:
374 400 мың теңгесі ақшалай нысанда түседі;
2 843 100 мың теңгесі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сынақ полигондарын жалға беру туралы шарттарда айтылған талаптарға сәйкес жүзеге асырылады және оны 007 "Сынақ полигондарын жалға беру туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы жеткізу және жөндеу" және республикалық бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі пайдаланады.