«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы
24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
2006 жылғы 21 маусымдағы № 163-НҚ бұйрығы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсің:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміндегі:
реттік нөмірі 6-жолда:
«табиғи монополиялар салалары» деген бағандағы «телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтің осы түрлерін көрсетудің технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялардың қызметтері» деген сөздер алынып тасталсын;
«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағына коммерциялық емес мақсатта қонуды жүзеге асырмастан немесе жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет керсетуді қоспағанда, әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету;