«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің
республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
2006 жылғы 30 маусымдағы № 169-НҚ бұйрығы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінде:
реттік нөмірі 162-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 61-жолда:
«табиғи монополиялар салалары» деген бағандағы «жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтер» деген сөздер алынып тасталсын;
«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)» деген бағандағы «жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтер» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 202, 203, 204-жолдармен толықтырылсын:
202. | «Өркен» жауап-кершілігі шектеулі серіктестігі | электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызметтер | электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметтер | Қарағанды қаласы, Комиссаров көшесі, 35 | жылдық табысы 35 мың ай айлық есептік көрсеткіштен асады |
| | су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің қызметтері | су шаруашылығы жұйесінің қызметі | | |
203. | «Темір Тау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | кірме жолдар қызметтері | жылжымалы құрам поезы үшін кірме жолды беру жөніндегі қызметтер | Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 2 тел. 26-22-12 | жылдық табысы 35 мың айлық есептік көрсеткіштен асады |