«Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелемінің
республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
2006 жылғы 13 қыркүйектегі № 221-НҚ бұйрығы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Рес-публикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі терағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және одан шығару ережесінің 8-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінде:
реттік нөмірлері 12 және 1З-жол алынып тасталсын;