Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту
туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі № 219 Қаулысы
ҚР ҚР ҚҚА Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 128 қаулысымен күші жойылды
«Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3348 тіркелген) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3868 тіркелген), «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 16 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4044 тіркелген) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін: