«Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына)
уақытша төмендету коэффициентерін дербес қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының
2004 жылғы 24 маусымдағы № 274-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 11 қазандағы № 242 Бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 22 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуежайлар және аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 274-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2981 нөмірмен тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3526 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 наурыздағы № 77-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағалар, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін дербес қолдану ережесінде:
барлық мәтін бойынша «өсуіне» деген сөз «өсу» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«жаңадан іске қосылған рейс - әуе кемелерін басқа пайдаланушылар орындамайтын әуе кемелерін пайдаланушы орындайтын жаңа бағыт бойынша рейс;»;