Введите номер документа
Прайс-лист

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО) транзиттік сауда туралы келісімі (Исламабад қ. 1995 ж. 15 наурыз)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 15 марта 1995
Статус
Действующийвведен в действие с 15 марта 1995
Дата последнего изменениясреда, 15 марта 1995

Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО)
транзиттiк сауда туралы келісімi
(Исламабад қ. 1995 ж. 15 наурыз)

 

1996 жылғы 18 қазандағы № 39-1 ҚР Заңымен бекітілді

 

Мүше-елдер арасындағы сауданы жеңiлдетуге жәрдемдесуге тiлек бiлдiре отырып,

мүше-елдер аумағы арқылы транзиттiк сауданы жетiлдiру басты мәселе деп санай отырып,

Измир Шартында белгiленген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн бiртұтас жеңiлдетiлген және үйлестiрiлген әкiмшiлiк формальдылықтар, соның iшiнде аймақтық сауда саласында, әсiресе, шекара бекеттерiнде, теңiз және әуе айлақтарында кедендiк процедуралар қажет деп келiсе отырып,

мүше-елдер төмендегiлер туралы осы Келісімдi жасасты:

 

I-ТАРАУ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

(а) Атауы

1 БАП

 

Бұл Келісім "Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО) Транзиттiк сауда туралы келісімi" деп аталады.

(б) Айқындамалар

II БАП

 

(i) «Мүше-ел» Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО) мүшесi болып табылатын мемлекет дегендi бiлдiредi.

(ii) «Хатшылық» Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Хатшылығы дегендi бiлдiредi.

(iii) «Уағдаласушы Тарап» Келісімге қол қойған және оған қосылған мүше-ел дегендi бiлдiредi.

(iv) «Контейнер» iшiне жүк салынатын және бiрнеше мәрте пайдаланыла алатын тұрақты сипаттағы көлiк жабдығының бiрлiгi (алмалы ыдыс, көшпелi цистерна немесе осыған ұқсас кез келген басқа құрал) дегендi бiлдiредi.

(v) «Тауарлар» тек қана коммерциялық тауарлар бөлiгiн бiлдiредi және жолаушылардың жеке заттарын қамтымайды.

(vi) «Кепiлдiк берушi Ассоциация» уағдаласушы мүше-елдiң кедендiк органдары осы Келісім процедураларын пайдаланатын адамдар үшiн кепiлдiк ретiнде көрiнуге өкiлдiк берген ассоциация дегендi бiлдiредi.

(vii) «Импорттық немесе экспорттық баждар және салықтар» тауарлар импортынан немесе экспортынан (немесе осыларға байланысты) алынатын, бiрақ бұған көрсетiлген қызметтер құнынан алынған төлемдер немесе баждар қосылмайтын кедендiк баждар мен кез келген орталық және жергiлiктi басқа да баж салықтары, төлемдер және басқа да алымдар дегендi бiлдiредi.

(viii) «Темір жол вагоны» жүктердi тасымалдауға арналған кез келген темір жол вагоны дегендi бiлдiредi.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами