Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісім» (Мәскеу қ., 1995 жыл 23 желтоқсан) (2016.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датасуббота, 23 декабря 1995
Статус
Действующийвведен в действие с 19 января 1999
Дата последнего измененияпятница, 17 мая 2019

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының
мәртебесi және ондағы атқарушы өкiмет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесi туралы
келісім
(Мәскеу қ., 1995 жыл 23 желтоқсан)

(2016.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 329-I Заңымен бекітілді

1999 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, бұдан әрi Тараптар деп аталады, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негiзгi қағидалары мен шарттары туралы Келісім және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы «Байқоңыр» кешенiн жалға алу Шарты /бұдан әрi жалға алу Шарты/ негiзiнде Тараптардың мүдделерiн ескерiп, осы төмендегi Келісімдi жасады.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Байқоңыр қаласының мәртебесi

1. Байқоңыр қаласы жалға алу жағдайында жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi болып табылады.

Қаланың аумағында «Байқоңыр» ғарыш айлағының объектiлерi, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне және басқа да қала тұрғындарына қажеттi тұрмыстық-коммуналдық және мәдени-әлеуметтiк жағдайлар туғызатын басқа да объектiлерi орналасқан.

«Байқоңыр» кешенi жалға алынған кезеңде Ресей Федерациясымен қатынасында Байқоңыр қаласына объектiлердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қауiпсiздiк қызмет етуiне, сондай-ақ азаматтардың тұру жағдайында айрықша тәртiптi Ресей Федерациясының федеральдық маңызы бар қаласына сәйкес мәртебе берiледi.

2. Қалалық әкiмшiлiктiң ғимаратында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мемлекеттік жалаулары тұрақты түрде көтерiлiп тұрады.

 

2-бап. Байқоңыр қаласының шекарасы

1. Қаланың шекарасы /қаланың шегi/ әкiмшiлiк басқару жүзеге асырылатын аумақты белгiлейдi.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом