Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 200-III Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

Информация о документе
Датапонедельник, 11 декабря 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 11 декабря 2006
Дата последнего измененияпонедельник, 11 декабря 2006

Қазақстан Республикасының  Конституциялық Заңы
 
«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының
нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілсін:

1. «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 78-құжат; 1999 ж., № 4, 100-құжат; № 10, 342-құжат):

1) 11-баптың 6-тармағындағы «шешімдер қабылдайды» деген сөздер «қаулылар шығарады» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 13-бапта:

1-тармақтағы «жеке», «дара сипатты» деген сөздер алып тасталсын;

5-тармақтағы «заң күшіне енгізу» деген сөздер «қолданысқа енгізу» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат):

9-баптың 10) тармақшасындағы «Парламентке заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялау жөнінде» деген сөздер «заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана. Ақорда. 2006 жылғы желтоқсаннын 11-і

№ 200-III ҚРЗ

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом