Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы № 1686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1278 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы № 1686 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
| Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төрағаның орынбасары |
| Коржова Наталья Артемовна | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрi |
| Мусин Аслан Есболайұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi |
| Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрi |
| Шабдарбаев Амангелді Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы |
| Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрi |
| «Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төрағаның орынбасары» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
| «Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі» |
«Қабылдин Қайыргелді Мақсұтұлы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, атқарушы хатшы (келісім бойынша)» деген жолдағы «атқарушы хатшы (келісім бойынша)» деген сөздер «хатшы» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Келімбетов Қайрат Нематұлы, Самақова Айткүл Байғазықызы, Кравченко Иван Михайлович, Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |