Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 105 және 2005 жылғы 27 мамырдағы № 527 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1318 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 29 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 ноября 2015

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 105 және 2005 жылғы 27 мамырдағы  № 527 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1318 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды 

 

Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланудың ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1) «Cу объектілерін кеме жүзетін су жолдары санатына жатқызу ережесін және кеме жүзуі үшін ашық кеме жүретін су жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 105 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 4, 58-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген кеме жүзуі үшін ашық кеме жүзетін су жолдарының тізбесінде:

5-тармақтағы «Ресей Федерациясымен шекараға» деген сөздер «Солтүстік Қазақстан облысының Приишимка кентіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Кeмe қатынасы су жолдарын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 527 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 22, 279-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Кеме қатынасы су жолдарын пайдалану ережесі:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Кеме қатынасы су жолдарын күтіп ұстау мынадай жағдайлар кезінде талап етілмейді:

1) егер кеме қатынасы су жолының екі жағалауы да кеме жүзетін болып табылса және кемелердің қозғалысы сағаның бүкіл ені бойына мүмкін болса (мұндай жағдайда навигациялық белгілер орнатылмауы мүмкін);

2) егер кеме қатынасы су жолының бүкіл ұзына бойында шектеулі қазулар болмаса және кемелер мен құрамдар үшін қәлемі мен шөгуі бойынша шектеулер болмаса.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом