ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен Бекітілген
Лотерея билеттерін сату және лотереяны ұйымдастыру, өткізу бойынша салық салу объектілері және салық салумен байланысты объектілері есебінің тіркеу карточкаларын алуға өтініш жасау
Ережелері
(042.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 69-бабына сәйкес әзірленген және қоса берілген Лотерея билеттерін сату және лотереяны ұйымдастыру, өткізу бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері есебінің тіркеу карточкаларын алуға өтініш жасау тәртібін (бұдан әрі - нысандар) көздейді:
1) лотерея билеттерін сату және лотереяны ұйымдастыру, өткізу бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері есебінің тіркеу карточкаларын алуға 042.00 нысан бойынша өтініш (бұдан әрі - 042.00 нысан бойынша өтініш);
2) 042.01 нысан бойынша лотерея билеттерін сату және лотереяны ұйымдастыру, өткізу бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері есебінің тіркеу карточкаларын алуға өтінішке
1-қосымша (бұдан әрі - 042.01 нысан бойынша өтінішке 1 қосымша);
3) лотерея билеттерін сату және лотереяны ұйымдастыру, өткізу бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері есебінің тіркеу карточкаларын алуға 042.02 нысан бойынша өтінішке
2-қосымша (бұдан әрі - 042.02 нысан қосымша);
4) лотерея билеттерін сату және лотереяны ұйымдастыру, өткізу бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері есебінің тіркеу карточкаларын алуға 042.03 нысан бойынша өтінішке
3-қосымша (бұдан әрі - 042.03 нысан бойынша қосымша);
5) 042.04 нысан бойынша лотерея билеттерін сату және лотереяны ұйымдастыру, өткізу бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері есебінің тіркеу карточкаларын алуға өтінішке
4-қосымша (бұдан әрі - 042.04 нысан бойынша қосымша).