ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және
салық салумен байланысты объектілерді тіркеуге
(қайта тіркеуге) өтініш жасау ережелері
(942.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса беріліп отырған нысандарды қоса (бұдан әрі - нысандар) тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш жасаудың тәртібін көздейді:
1) 942.00-нысан бойынша тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш (бұдан әрі - 942.00-нысан бойынша өтініш);
2) 942.01-нысан бойынша тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтінішке қосымша (бұдан әрі - 942.01-нысан бойынша қосымша);
3) 942.01-нысан бойынша қосымшалардың 942.01.014, 942.01.015 жолдарына қосымша нысан;
4) 942.01-нысан бойынша қосымшалардың 942.01.016, 942.01.017 жолдарына қосымша нысан.
2. 942.00-нысан бойынша өтініш кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін арнайы салық режимін қолдану кезінде тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерді тіркеу үшін (қайта тіркеу) арналған.
942.01-нысан бойынша қосымша нысан нақты ойын орындары (тұрақты нүктелері) бойынша тіркелген жиынтық салықпен салық салу объектілерін және салық салумен байланысты объектілерін тіркеу үшін (қайта тіркеу) арналған.