ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы
төлем есебін жасаудың ережелері
(921.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды енгізетін (бұдан әрі - нысандар) бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем есебін жасау тәртібін қарастырады:
1) 921.00 нысан бойынша бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем Есебі (бұдан әрі - 921.00 нысан бойынша есеп);
2) 921.01 нысан бойынша бірыңғай жер салығы бойынша ағымдағы төлем Есепбіне қосымша (бұдан әрі - 921.01 нысан бойынша қосымша).
2. 921.00 нысан бойынша Есеп шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолдану кезінде бірыңғай жер салығының сомасын есептеуге арналған арналған.
921.01 нысаны бойынша есепке қосымша:
тұрақты және (немесе) уақытша алғашқы жер пайдалану, жеке меншік құқығындағы қожалықта барлық жер телімдері бойынша;
қайталама жер пайдалану құқығындағы жер телімдері бойынша бірыңғай жер салығын есептеуге арналған.
3. Салық төлеушіде әрбір жер телімі бойынша әртүрлі көрсеткіштері (иемдену кезеңдері; жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар және т.б) бар жер телімдерінің болған жағдайында, әр жер теліміне 921.01 нысаны бойынша қосымшаға жеке парақ толтырылады.
4. Нысанды жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
5. Нысандарды толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, және өшіруге жол берілмейді.
6. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысандардың тиісті торкөздері толтырылмайды.
7. Нысандарды беру кезінде: