ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғалар
үшін патент құны есебін жасау ережелері
(931.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және қоса берілген нысандарды бірге алғанда (бұдан әрі - нысандар) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғалар үшін патент құнының Есебін жасау тәртібін қарастырады:
1) 931.00 нысан бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін - заңды тұлғалар үшін патент құнының Есебі (бұдан әрі - 931.00 нысан бойынша Есеп);
2) 931.01 нысан бойынша өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі бойынша түсім сомасын айқындау бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғалар үшін патент құнының Есебіне 1-қосымша (бұдан әрі - 931.01 нысаны бойынша қосымша);
3) 931.02 нысан бойынша мал шаруашылығы (омарта шаруашылығы, құс шаруашылығы) өнімін өндіру бойынша түсім сомасын анықтауға ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғалар үшін патент құнының Есебіне 2-қосымша (бұдан әрі - 931.02 нысаны бойынша қосымша);
4) 931.03 нысан бойынша өз өнімін өңдеу бойынша түсім сомасын анықтауға ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғалар үшін патент құнының Есебіне 3-қосымша (бұдан әрі - 931.03 нысаны бойынша қосымша);
5) 931.04 нысан бойынша өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру бойынша шығын сомасын анықтауға ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғалар үшін патент құнының Есебіне 4-қосымша (бұдан әрі - 931.04 нысаны бойынша қосымша);