Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың
2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
ҚР Үкіметінің 2006.29.12. № 1306 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, еліміздің халқын, объектілері мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, қазіргі заманғы зақымдау құралдары мен террористік актілердің салдарынан қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 2006 жылғы
№
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы "___"_________
№____ Жарлығымен
Бекітілген
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың
2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғаудың қазіргі
заманғы жай-күйін, елдің азаматтық қорғаныс жүйесінің әзірлігін талдау