«Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары,
әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен
ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 23 қаңтардағы № 25 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 649 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2008 ж.23 желтоқсандағы № 603 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 25 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2006 жылы № 4086 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 31 наурызында № 56-57 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру ережелерінде:
1-тармақта «патент негізінде» деген сөздер «оңайлатылған декларация және патент негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: