Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Қалалық конкурстық комиссиялар құру туралы
№8/1518 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1/121 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 321-II Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысымен бекітілген, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережелеріне сәйкес және 2007 жылға бекітілген бюджет қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында, Алматы қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Қалалық конкурстық комиссиялар құру туралы» № 8/1518 қаулысына келесі өзгерістер меп толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының 10 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
аталған қаулы қоса берілген 21, 22 қосымшаларымен толықтырылсын.
Алматы қаласының әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 8/1518 қаулысына
10 қосымша
Хайуанаттар бағының аумағында жыртқыш сүтқоректілер үшін ғимарат
құрылысы жөнінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді
орталықтандырылған жолмен сатып алатын қалалық конкурстық
комиссияның құрамы
1. | Бүкенов Қайрат Ахмадиұлы | комиссия төрағасы, Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары; |
2. | Заяц Яков Игнатьевич | комиссия төрағасының орынбасары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары; |
комиссия мүшелері: |
3. | Үсенов Қажымұрат Қантбайұлы | Алматы қаласы құрылыс департаментінің директоры; |
4. | Әбдіқадырова Айман Нұрқасымқызы | Алматы қаласы қаржы департаментінің директоры; |
5. | Васильева Лариса Александровна | Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры; |
6. | Болман Қыдырәлі Нұртайұлы | Алматы қаласы мәдениет департаментінің директоры; |
7. | Баймағамбетов Сұлтан Қабиұлы | Алматы қалалық сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры |