Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан
(14 февраля 2007 года)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ
ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ
2007 жылғы 14 ақпан
Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы МҰХАМЕДЖАНОВ О.Б. жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы таң, құрметті әріптестер! Тіркеуден өтулеріңізді сұраймын.
Тиісті жиналым бар. 77 депутаттың 55-і қатысып отыр. Белгілі себептермен бүгінгі отырысқа қатыспай отырған депутаттар: Ағатаева, Әлімжанов, Бояркин, Доскалов, Жалыбин, Жолшыбеков, Жылқышиев, Итемгенов, Котович, Қараманов, Милютин, Сағадиев, Сухорукова, Тінікеев, Тшанов. Қалған әріптестеріміз белгісіз себептермен қатыспай отыр.
Мәжілістің кезекті отырысын ашық деп жариялаймын.
Құрметті әріптестер, 10 ақпанда әріптесіміз депутат Бағила Бірмағамбетқызы Баймағамбетованың туған күні болып өтті. Бүгін, яғни 14 ақпан күні Нұрлан Ғайсаұлы Итемгеновтің туған күні. Осыған байланысты сіздердің аттарыңыздан әріптестерімізді шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, отбасында береке, жеміс тілеуге рұқсат етіңіздер.
ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ.
ТӨРАҒА. Депутат Есжанов.
ЕСЖАНОВ С.К. Уважаемые господа депутаты! Буквально недавно воины-интернационалисты Казахстана, которые в свое время служили в Афганистане, наградили нашего спикера медалью в честь 15-летия вывода войск из Афганистана за особый вклад в движение воинов-интернационалистов Казахстана, которые служили в Афганистане. Давайте мы поздравим своего спикера.
ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ.
ТӨРАҒА. Рақмет, құрметті әріптестер.
Күн тәртібі бойынша қандай ұсыныстар бар? Депутат Кәрімов.
КӘРІМОВ М.Ә. Бүгін отырысымызға баяндама жасауға Ізмұхамбетов мырза келу керек еді, бірақ Премьер-Министрдің сұрауы бойынша Алмасадам Сәтқалиев келеді. Соны ескертіп қояйын деп едім.
ТӨРАҒА. Қарсылық жоқ па?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Депутат Өтегенов.
ӨТЕГЕНОВ А.Т. Уважаемый спикер! В связи с командировкой вице-министра Баталова докладчиком по второму и третьему вопросам - о проекте Закона Республики Казахстан «О безопасности игрушек» и о проекте Закона Республики Казахстан «О безопасности химической продукции» предлагается закрепить вице-министра Бишимбаева Куандыка Уалихановича.
ТӨРАҒА. Депутат Оразалинов.