Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ПЛЕНУМЫНЫҢ 1994.23.12 № 7 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті
реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 7 Қаулысы

(1996.20.12. № 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2006 ж. 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Соттардың жұмысындағы кемшіліктерді жою, олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы жасалған әрекеттер үшін белгіленген заңдарды біркелкі қолдануын қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

1. Жасалған қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі әділ зерттеу жөніндегі заң талаптары қасақана кісі өлтіргендігі туралы істерді қараған кезде ерекше ескерілуі тиіс. Себебі, одан айыптының әрекеті дұрыс бағалануы, ал қылмысты ауырлататын жағдайлар жасалғанда заң бойынша өлім жазасы қолданылатындығы осыған байланысты екеніне соттардың назары аударылатын болсын.

2. Кісі өлтіруге бірнеше адам қатысқан жағдайда соттар қатысушылардың арасындағы алдын ала келісім болған-болмағанын, олардың арасында рольдердің бөлісілген-бөлісілмегенін, сондай-ақ қылмыс жасауға қатысқандардың әрқайсысының оған қатыстылығы дәрежесіне қорытынды жасауға негіз беретін басқа да барлық жайларды мұқият зерттеп, қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекеттерін дәрежелеп, жеке-жеке жаза тағайындауға тиіс.

Кісі өлтіруге бірлесіп әрекет жасаған жәбірленушінің өмірін сарп ету процесіне өздері тікелей қатысқан адамдар осы қылмысты әдейі жасағандар деп табылады. Олардың әрекеті ҚК-тің 88-бабының тиісті бөліктері және оның тармақтары бойынша дәрежеленеді. Қылмысқа қатысы бар, бірақ кісі өлтіру процесіне тікелей қатыспағандардың әрекеті (ұйымдастырушылар, дем берушілер, арандатушылар) дәлелді деп танылғанда, дәрежелену белгілері көрсетіліп, ҚР-тің 17-бабымен және 88-баптың тиісті бөліктерімен дәрежеленуге тиіс.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом