Ақтау портын солтүстік бағытта одан әрі кеңейтудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы № 152 Қаулысы
(2011.06.09. берілген өзгерістермен)
Ақтау портын солтүстік бағытта одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2011.06.09. № 1021 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)JLNK1002078465
1. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына су қоры жерлерінен 49 (қырық тоғыз) жылға жалпы алаңы 34,2 гектар жер учаскесін уақытша өтемді жер пайдалануға мынадай шарттарда беруді қамтамасыз етсін:
1) жер учаскесін кепілге беру және жалға алушының жер учаскесін нақты иеліктен шығаруға әкеп соқтыратын кез келген шаралар мен шешімдерді қабылдау құқығынсыз;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Маңғыстау облысының әкімі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ақтау халықаралық теңіз сауда портының екінші кезегі құрылысының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 916 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 916 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 573 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |