«2006 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау және оларды жұмыспен
қамтылуына және әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету шаралары туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 23-6-28қ Қаулысы
Астана қаласы Әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 23-9қ Қаулысыменкүші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтары болып мына санаттар анықталсын:
1) аз қамтылғандар;
2) 21 жасқа дейінгі жастар;
3) балалар-үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының»заңнамаларында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6) жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға (екі жыл қалған зейнеткерлік жасына дейінгі) тұлғалар;
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар.
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент):
1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
3) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың»жұмысқа орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Жұмыс берушілер: