«Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ «Халықты жұмыспен
қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Астана қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 9 наурыздағы № 23-10-205қ Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» (Астана қаласының Әділет департаментінде 2004 жылдың 26 қаңтарында № 308 болып тіркелген, 2004 жылдың 12 ақпандағы № 21 «Астана хабары»; 2004 жылдың 27 наурызындағы № 34 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған, Астана қаласы әкімдігінің 2005 жылдың 6 мамырындағы № 3-1-323қ қаулысымен енгізілген өзгеріспен және толықтырумен Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылдың 31 мамырындағы № 389 болып тіркелген; 2005 жылдың 7 маусымындағы № 75 «Астана хабары»; 2005 жылдың 4 маусымындағы № 82-83 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) аталған қаулымен бекітілген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру Қағидасында:
барлық мәтін бойынша «айлық» деген сөз алынып тасталсын;
25-тармақтағы «жеке еңбек шарты» деген сөздер «кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибеден өтуге арналған шарттар» деген сөздерімен ауыстырылсын;
жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыру Қағидасындағы 1-қосымшада:
преамбулада:
«бастығы» деген сөзі «директоры» деген сөзімен ауыстырылсын;