«Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 165-І бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 60 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.27.04 № 210 бұйрығымен күші жойылды
«Аса маңызды азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы № 1623 қаулысын орындау үшін және автомобиль жолдарын салу мен жөндеу кезінде ауыр салмақты технологиялық көлікті өткізу қажеттілігіне байланысты бұйырамын:
1. «Көктемгі кезеңде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 19 сәуірдегі № 165-І бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2857 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде» жарияланған 2004 жылғы, № 29-32, 961-құжат; «Ресми газет» 2004 жылғы 4 желтоқсан, № 49 (206) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ «автокөлік құралдарын» деген сөздерден кейін «, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға, жөндеуге, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға, сондай-ақ тез бұзылатын тауарларды тасымалдауға тартылған көлік құралдарын» деген сөздермен толықтырылсын.
4-тармақтағы «Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті (Е.Х. Сұлтанов)» деген сөз «Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті (Д.Қ. Көтербеков)» деген сөздермен ауыстырылсын;