Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 214 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 20 марта 2007
Статус
Действующийвведен в действие с 20 марта 2007
Дата последнего изменениявторник, 20 марта 2007

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы
№ 214 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 372-қосымшада:

4 және 5-тармақтардағы «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға» және «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын» деген сөздер тиісінше «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға» және «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік» деген сөздердің алдынан «6» деген санмен толықтырылсын;

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның» деген сөздер «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың офистерін ашу және ұстау: а. 6 орталық; б. 7 филиал;»;

мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту.

1) офис ашу және ұстау:

а. 1 орталық;

б. 2 филиал;

2) мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау және олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту, халықаралық стандарттарға негізделген кәсіпорындарда жаңа өндірістік және басқару технологияларын енгізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

3) жеке меншік отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен бірлескен жобалар жасау және іске асыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

4) Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инженерлік инфрақұрылымын салу.»;

«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта:

«Тікелей нәтижеде»:

«әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» деген сөздер «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«16» деген сандар «9» деген санмен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«- Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инженерлік инфрақұрылымын салу.»;

«Қаржы-экономикалық нәтижеде:» және «Уақтылығында:» мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом