Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 528 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 298 Жарлығы

Информация о документе
Датасреда, 7 марта 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 7 марта 2007

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 528 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 528 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 55, 599-құжат; 2006 ж., № 43, 472-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының Жарғысында:

18-тармақта:

төртінші абзацтағы «қалыптастыру» деген сөз «қалыптастыру тәртібін айқындау» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«заңнамалық актілермен белгіленген шектерде Қордың өзге заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілеттіктерін құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау.»;

21-28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«21. Қорды басқарудың тұрақты қызмет ететін алқалық органы төрағаны қоса алғанда, тоғыз адамнан тұратын Қордың Қамқоршылық кеңесі болып табылады.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып табылады.

Қамқоршылық кеңесінің құрамын оның төрағасы қалыптастырады және Құрылтайшы бекітеді.

22. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің көпшілігі некеде тұратын және жақын туыс адамдар, сондай-ақ Қордың штаттағы қызметкері бола алмайды.

23. Қамқоршылық кеңестің ерекше құзырына:

Қор қызметінің оның жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

атқарушы директорды тағайындау;

Қордың ұйымдық қызмет ету мәселелерін шешу және тиісті құжаттарды бекіту жатады.

Қамқоршылық кеңес өз қарауына Құрылтайшының құзырына жататын мәселелерден өзге Қордың қызметіне байланысты кез келген мәселелерді қабылдауға құқылы.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом