Маңғыстау облысы әкімиятының «Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне
Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік қөмек тағайындау туралы»
2006 жылғы 26 маусымдағы № 200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы № 3 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңы мен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектеп түлектеріне әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі облыстық комиссияның 2006 жылғы 21 қарашадағы № 07-35/77 шешіміне сәйкес, облыста медицина мамандықтары бойынша уақытында кадрлар дайындау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімиятының «Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» 2006 жылғы 26 маусымдағы № 200 (Маңғыстау облысының әділет Департаментінде 2006 жылы 26 маусымда № 1950 тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2006 жылы 15 тамызда № 130 жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы төмендегі мәтінде жазылсын:
«Маңғыстау облысының жалпы білім беретін мектептерінің және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы»;
1-тармақта «мектептерінің» деген сөзден кейін «және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта «мектептерінің» деген сөзден кейін «және бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім ұйымдарының» деген сөздермен толықтырылсын.
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Әлеуметтік көмек - оқу ақысы мен тұру, тамақтану, тұрғылықты жеріне жету жол ақысынан құралады.