Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 және 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 294 Қаулысы

Информация о документе
Датачетверг, 12 апреля 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 12 апреля 2007

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 және 2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 294 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат):

1-тармақта:

«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» деген сөздерден кейін «, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» деген сөздермен толықтырылсын;

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Акционерлік қоғамдар»деген 2-бөлімде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 66-2-жолмен толықтырылсын:

«66-2. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерліқ қоғамы».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом