2003-2010 жылдарға арналған облыстық «Таза су» бағдарламасын бекіту туралы
Қызылорда облыстық Мәслихатының 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 шешімі
(2007.02.03. берілген өзгерістермен)
«2002-2010 жылдарға арналған салалық «Ауыз су» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысын жүзеге асыру мақсатында және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
2003-2010 жылдарға арналған облыстық «Таза су» бағдарламасы бекітілсiн.
Облыстық Мәслихаттың
XVII сессиясының төрағасы
Облыстық Мәслихат хатшысы
Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2005.27.09. № 214 шешімімен бағдарлама жаңа редакцияда
2003-2010 жылдарға арналған облыстық
«Таза су» бағдарламасы
Қызылорда қаласы, 2005 жыл
Бағдарламаның паспорты
Атауы 2003-2010 жылдарға арналған облыстық «Таза су».
Бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама)
Бағдарлама Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және
әкімшісі құрылыс департаменті
Қысқаша Бұл бағдарламада облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз
мазмұны етудің қазіргі жай-күйіне талдау берілген, аудандар
мен Қызылорда қаласы бойынша нақты іс-шаралар
кешені, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру
белгіленіп, мынадай басымдықтар айқындалған:
тасымал және ашық су көздерін пайдаланатын ауылдық