Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ақпарат жеткізушілердің ақпаратты беру тәртібіне қойылатын шарттар мен ең төменгі талаптар туралы, кредиттік тарих субъектілерінің олар туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін ресімдеу, кредиттік есепті беруге келісімді ресімдеу тәртібі туралы және кредиттік есеп беру шарттары мен тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 250 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 38 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 53 Қаулысымен күші жойылды
Кредиттік бюро қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және 5-бабының 1-тармағының 1)-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: