III сайланған Алматы қаласы мәслихаты 2006 жылғы 14 желтоқсандағы
XXVII сессиясының «2007 жылға арналған Алматы қаласының
бюджеті туралы» № 303 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXІХ сессиясының
2007 жылғы 2 сәуірдегі № 329 шешімі
Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 433 хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 85, 111 баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 7 баптарына сәйкес III сайланған Алматы қаласының мәслихаты шешім етті:
1. III сайланған Алматы қаласы мәслихаты 2006 жылғы 14 желтоқсандағы XXVII сессиясының «2007 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы» № 303 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 723 рет санымен 2006 жылғы 28 желтоқсанда тіркелген, 2007 жылғы 6 қаңтарда «Алматы Ақшамы», 2007 жылғы 6 қаңтарда «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған; өзгерістер мен толықтырулар енгізілген - III сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXVIII сессиясының «III сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXVII сессиясының 2006 жылғы 14 желтоқсандағы «2007 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы» № 303 шешіміне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 324 шешімімен, 2007 жылғы 31 қаңтарда № 736 рет санымен тіркеліп, 2007 жылғы 10 ақпанда «Алматы Ақшамы» газетінде № 17, 2007 жылғы 10 ақпанда «Вечерний Алматы» газетінде № 31 жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"1. Алматы қаласының 2007 жылға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай мөлшерде бекітілсін:
1) кірістер - 191 534 696 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 125 488 939 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 924 712 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 17 970 000 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - 46 151 045 мың теңге;
2) шығындар - 198 253 437 мың теңге;