Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 365 Қаулысы
(2007.22.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2007.22.08. № 728 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурс өткізу үшін мынадай құрамда комиссия құрылсын:
| Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төраға |
| Ким Виссарион Валериевич | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Жиынтықтау-талдама департаментінің директоры, төрағаның орынбасары |
| Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
| Сартбаев Медет Мақсұтұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
| Сейітқұл Қайырбек Сейітқұлұлы | - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша) |
| Хамзин Рүстем Назымбекұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
| Өтебаев Мүсірәлі Смайылұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономика, қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының орынбасары |
| Козлов Юрий Константинович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Үкіметтік қарыздарды тарту департаментінің директоры |
2. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2007 - 2008 жылдардағы жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурсты 2007 жылғы 1 қыркүйекке дейін өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурстың жеңімпазын анықтасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |