Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 мамырдағы № 385 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 15 мая 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 10 июля 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 мамырдағы № 385 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі № 1018 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 35, 317-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендірудің ережесінде:

20-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік білім беру несиелері бойынша талаптар тоқтатылады.»;

31-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік студенттік несиелер бойынша талаптар тоқтатылады.».

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами