«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың
кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат
беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2004 жылғы 28 қазандағы № 316 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі № 107 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 132 бұйрығымен күші жойылды
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес, бұйырамын:
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың кредиттік бюроға олармен жасалған шарттардың негізінде ақпарат беру ережесін бекіту туралы» Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қазандағы № 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3203 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың тақырыбында «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың» деген сөздер «Әділет органдарының жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі ақпаратты» деген сөздермен ауыстырылсын;