Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 458 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Бағаны мемлекеттік реттеу жүйесін тәртіпке келтіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реформалау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне бәсекелестікті қорғау және қаржы ұйымдарының монополистік қызметін шектеу саласындағы функцияларды;
2) Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне:
телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне тарифтер бекіту;
телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар салаларын реттеу мен бақылау;
телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаны реттеу жөніндегі функцияларды;
3) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне:
осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қызмет түрлерін лицензиялау;
темір жол көлігі саласындағы рұқсаттарды беру;
темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, азаматтық авиация, порттар саласындағы кемсітпейтін қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындау;
темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдері мен газ тасымалдау, азаматтық авиация, порттар саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) арналған бағаны реттеу жөніндегі функцияларды беруді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне: