Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы»
2006 жылғы 9 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 127 Қаулысы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысымен күші жойылды
Банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы Заңымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу Ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4042 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауында, 1-тармақта «беру,» деген сөз «беру, беруден бас тарту және» деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулымен бекітілген Банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, қайтарып алу ережесінде:
атауында және кіріспеде «беру,» деген сөз «беру, беруден бас тарту және» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бір мезгілде өтінішпен бірге банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге уәкілетті органның келісімін алуға тілек білдірген тұлға уәкілетті органға Заңның 17-1-бабының 4-7-тармақтарымен көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсынады.