«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы № 254-III Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы
Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы
2007 жылғы 18 маусымдағы № 7 Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Төраға И.И.Рогов, Кеңес мүшелері Х.Ә.Әбішев, Қ.Ж.Балтабаев, Н.В.Белоруков, С.Ф.Бычкова, А.М.Нұрмағамбетов, Ү.М.Стамқұлов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтініш субъектісінің өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Т. Рүстемовтің,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілі - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қ. Ахметовтың,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Д.Р.Құсдәулетовтың,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілі - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Қ. Дауылбаевтың,
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілі - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.К.Фоостың қатысуымен,
өзінің ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентінің бір топ депутаттарының “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” 2007 жылғы 21 мамырдағы №254-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.
Баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі А.М.Нұрмағамбетовтың хабарлауын, отырысқа қатысушылардың сөздерін тыңдап, конституциялық іс жүргізу материалдарын зерделеп, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мынаны
а н ы қ т а д ы: