Введите номер документа
Прайс-лист

«Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (2007 жыл 15 маусым) (Жоба)

Информация о документе
Датапятница, 15 июня 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 15 июня 2007

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
 Жарлығы
 
Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

 

ҚР Үкіметінің 2007.15.06. № 500 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін ретке келтіру мен нысаналы мақсатқа пайдалану мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;

2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің 2007 жылғы

№  Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын

ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағы құрылысының барысын бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Мемлекеттік комиссия Алматы қаласының қала маңы аймағы мен қала құрылысын ерекше реттеу аймағының жерін ретке келтіру мен нысаналы мақсатқа пайдалану мақсатында құрылды.

3. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4. Мемлекеттік комиссия төрағадан, екі орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.

5. Мемлекеттік комиссияның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами