Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Өкімі
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 4071 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007.15.06. № 501 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Бүркітбаев Серік Мінуарұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі |
Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Питер Тильс | - «Дойче Банк Франкфурт» басқарушы директоры, Орталық және Шығыс Еуропа бойынша бас атқарушы директоры |
Фаузи Кириакос-Саад | - «Кредит Свис Групп», Ресей, ТМД елдері және Орталық Азия бойынша бас атқарушы директоры |
мына:
«Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары» |