Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 450 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 572 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 4 июля 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 4 июля 2007

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы
№ 450 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 572 Қаулысы

 

«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына сәйкес және шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 450 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 20, 243-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:

«2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бастамаларын қолдау жөніндегі жеделдетілген шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:

«Экономиканы төрешілдіктен арылтудың тиімді тетіктерін әзірлеу және әкімшілік кедергілерді жою» деген 2-кіші бөлімде:

реттік нөмірі 13-жолдың 6-бағаны «2007 жыл - 4,0 млн. теңге» деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірі 15-жолдың 6-бағаны «2007 жыл - 4,4 млн. теңге» деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірі 17-жолда:

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«2007 жыл - 9,4 млн. теңге»;

7-баған мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:

«Республикалық бюджет»;

реттік нөмірі 18-жолдың 6-бағаны «2007 жыл - 28,9 млн. теңге. МАМ: 2007 жыл - 28,2 млн. теңге» деген сөздермен толықтырылсын;

«Кластерлік-желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйелерді құруды қамтамасыз ету» деген 5-кіші бөлімде:

реттік нөмірі 4-жолдың 6-бағанындағы «2007 жыл - 10000 млн. теңге**» деген сөздер «2007 жыл - 9000 млн. теңге**» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 24-жолдың 6-бағаны «2007 жыл - 13,4 млн. теңге» деген сөздермен толықтырылсын;

«Жиынтығы (МБ іс-шараларын ескергенде)» деген жолдың 6-бағанындағы «10000,» деген сандар «9088,3» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами