Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 153 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 Қаулысымен күші жойылды
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4486 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі:
мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Зейнетақы активтерін беру
31-1. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартын (бұдан әрі - шарт) бұзуға ниеті бар жинақтаушы зейнетақы қоры не ұйым (Қор) шартты бұзу туралы ұйымды не жинақтаушы зейнетақы қорын бұзу белгіленген күнге дейін жиырма күн бұрын нақты бұзу күнін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.
31-2. Шартты бұзудың бастамашысы - заңды тұлғаның бірінші басшысы бұйрығының негізінде оны бұзу туралы хабарламада көрсетілген немесе шарт талаптарына сәйкес анықталған зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шартты бұзған күнге дейін он жұмыс күнінен кем емес уақытта келісу комиссиясы құрылады.